"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Еңбек аулының негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа села Енбек отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ

30.10.2023

Қазақстандық мектептерде күзгі демалыс басталды. Оқу-ағарту министрлігі оларды «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, өңірлерге жолдады. 

❗ Білім беру ұйымдары кітапханаларды, мұражайларды, спорт кешендерін, ғылыми қоғамдастықтар мен балалар бірлестіктерін тарта отырып, мәдени-демалыс, спорттық және шығармашылық бағытындағы іс-шаралар жоспарын әзірлеуі қажет.

👮🏻‍♀🧑🏻‍🚒 I. Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын жасау: кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі кәсіптің үздік өкілдерімен кездесулер өткізу.

🧑🏻‍🏫👩🏻‍💻 II. Өмірдің қиын жағдайына тап болған, үйде оқитын оқушылар үшін мына шараларды: виртуалды экскурсиялар, онлайн жарыстар, психологтармен іс-шаралар, белгілі бір пәндер бойынша кеңестер ұйымдастыру маңызды.

🏫 👨‍👩‍👧‍👦 III. Ата-аналармен өзара қарым-қатынас құру барысында: балалармен бірлесіп, мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, экскурсиялар, интернет-марафондар, ата-аналарға арналған конференциялар мен форумдар өткізу.

👫👩🏻‍🏫 IV. Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары: құқық қорғау, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар органдарының өкілдерін шақырумен балаларды тәрбиелеу және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша кеңестер ұйымдастыру.

🛡 V. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектептің де, ата-аналардың да басты міндеттерінің бірі. Сондықтан, аталмыш іс-шараларды өткізбес бұрын күзгі демалыс кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарына өмір қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау туралы нұсқаулық жүргізу маңызды.

📋🗂 Демалыс кезеңінде ұсынылатын барлық іс-шаралардың тізімі ақпараттық стендтерде, білім беру ұйымдарының веб-сайттарында орналастырылып, олар ата-аналарға таныстырылуы қажет.

Еске салайық, биылғы оқу жылында күзгі демалыс 30 қазаннан басталып 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнтізбелік күнді құрайды.

Просмотров: 922


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст